АЛМАТЫ. 27 тамыз. Мәскеу түбіндегі Жуковский қаласында «Қазғарыштың» басшысы Талғат Мұсабаевпен «Роскосмос» басшысының міндетін уақытша атқарушы Александр Иванов қазақ ғарышкері ұшатын сапарға байланысты екі жақты кезекті келісімге қол қойды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
«Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің экипажы «Роскосмостың» космонавы Сергей Волков, Еуропалық ғарыш агентігінің астронавы Андреас Могенсен және Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Айымбетовтің Халықаралық ғарыш кешеніне (ХҒК) аттанатын сапар уақыты 2015 жылғы 2 қыркүйекте, 07 сағат 34 минутта (Мәскеу уақыты) басталады деп белгіленді.
Ғарышкерлер қазір – Байқоңырда. Осындағы монтаждау-сынақ кешенінде соңғы жаттығулар жасау үстінде. Олар қаладағы ғарышкерлер аллеясына ағаш отырғызды.
Айдынның әріптестері қазақ тамғамдарынан дәм татты. Ғарыш кеңістігінде де қазақ дастарханы жайылатыны осы күні белгілі болды. Өйткені, Айдын Айымбетов ғарышқа қазақша ет пен қазы, қымыз алып ұшады. Әрине, бұдан ұлт тағамдары піскен яки шикі түрінде деген ой тумауы керек, тағамдар ұшу талабына сай сублимацияланып, пакеттелінген.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: РИА Новости
• 27 Тамыз, 2015
Халықаралық ғарыш кешенінде қазақ дастарханы жайылады

Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Кеше