Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Грузияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Зураб Патарадзені қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Грузия ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.
Зураб Патарадзенің атап өткеніндей, Қазақстан Грузияның ең ірі инвесторларының бірі. Аталған елде 100-ге жуық қазақстандық компаниялар тіркелген.
Қ. Жақыпов пен З. Патарадзе өзара іс-қимыл басымдықтары туралы сөз еткенде, Қазақстан Президентінің 5 институттық реформасын жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, Азиядан Еуропаға кедергісіз жүк тасымалын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «Еуразиялық трансқұрлықтық дәліз» жобасына Қазақстан мен Грузияның қатысуы төңірегінде әңгіме қозғалды.
Кездесу иелері екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін де назардан тыс қалдырмай, екі ел парламенттерінде жұмыс істейтін бейінді комитеттер мен достық топтары арқылы қарым-қатынасты нығайта түсу керектігін алға тартты.

Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48