Кеше Астанада Еуразиялық экономикалық комиссия отырысы өтті. Онда негізінен ертең Бурабайда Мемлекет басшыларының деңгейінде өткелі отырған Еуразиялық экономикалық одақтың Жоғары кеңесіне дайындық барысы, онда қаралатын мәселелер талқыланды.
Комиссия отырысы негізінен жабық режімде өтті. Онда талқыланған мәселелер жайында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев айтып берді. Б.Сағынтаевтың айтуынша Жоғары кеңестің күн тәртібіне он бес мәселе шығады. Оның екеуі негізгі басымдыққа ие.
«Біз дәл осы екі мәселеге қатысты шағын құрамдағы кездесуде ұзақ талқылаулар жүргіздік. Оның біріншісі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы мүшелерінің санына қатысты болды. Бүгінде әр елден үш мүшеден қамтылған. Жалпы он бес мүше бар. Қазіргі кезде үшеу, екеу немесе басқа формат талқылануда», деді Б. Сағынтаев. Айталық, әр елден үш мүшеден қабылдау бұрын одаққа мүше мемлекеттер саны аз болғанда қабылданған шешім болатын. Осы орайда ол талқылаулардан кейін бұл мәселе Мемлекет басшыларының деңгейіне шығарылатындығын, президенттер қабылдаған шешімге сәйкес бұл формат айқындалатынын жеткізді. Сонымен қатар, Үкімет басшысының бірінші орынбасары келесі негізгі мәселе алқаға төрағалық ететін елге қатысты болғанын атап өтті.
«Бірінші мерзім Ресейдің төрағалығымен өтті. Виктор Христенко Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қызметін төрт жыл атқарды және қазіргі кезде мерзім аяқталуда, сондай-ақ, алқадағы барлық мүшелердің де мерзімі тәмамдалуда. Жаңа жылдан бастап бізде жаңа адамдар, жаңа төраға келеді. Атап айтқанда, бұл мәселе де Мемлекет басшыларының деңгейінде талқыланып, олар тиісті шешімді қабылдайды», деді Б.Сағынтаев.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейінгі міндеттемелері жайында да кеңінен талқыланғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, тағы бір мәселе Кедендік кодекстің жобасы қаралған. Жалпылай алғанда, комиссия мүшелері бұл отырыста Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында сауда-экономикалық, инфрақұрылымдық байланыстарды одан әрі бекемдей түсуге септігін тигізетін 30-ға жуық құжаттың жобасын талқылаған.
Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».

Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48