АСТАНА. 2 сәуір. «Левада» орталығы жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, Ресей халқының жартысына жуығы (45 пайызы) Сталиннің қуғын-сүргін саясатын ақтап шықты. Бұл туралы interfax.ru хабарлады.
Олар солақай саясаттың арқасында ұлы мақсаттар орындалып, биік белестерді бағындырдық деп санайды. Ал 41 пайызы жазықсыз жандарды жаппай қырып-жойған жүйені ешқашан ақтап алуға болмайтынын айтқан.
Сонымен қатар сауалнамаға қатысушылар Сталиннің өлімі туралы да өз пікірлерін білдірді. Олардың 46 пайызы Иосиф Виссарионовичтің өлімін халықты жаппай қуғын-сүргінге душар еткен лаңкестік оқиғаның аяқталуы деп санайды. Ал 24 пайызы халық ұлы көсемі мен ұлт ұстазынан айырылды деген.
Әлеуметтанушылардың айтуынша, Ресейде Сталин туралы жақсы пікірдегі жандар 39 пайызды құрайды. Сондай-ақ, соңғы 15 жылда бұрынғы КСРО басшысын жек көрушілердің қатары азайған. Мәселен, оны жауыз санайтындар 2001 жылы 27 пайызды құраса, қазір мұндай жандар 14 пайызға ғана жетеді. Одан бөлек, ресейліктердің 6 пайызы әлі күнге Сталиннің атын естісе, қорқатындарын айтқан. Дегенмен, мұның өзі 2001 жылмен салыстырғанда 10 пайызға азайған.
Уақыт өткен сайын Сталин туралы деректерге еш қызықпайтын халықтың қарасы артып келеді. Осыдан 14 жыл бұрын бұл көрсеткіш 12 пайызды құраса, бүгінде ресейліктердің 30 пайызы бұрынғы басшылары туралы мәліметтерге аса мән бермейтінін айтқан.
Еламан Қоңыр.
Дерек: interfax.ru.
Сурет: haqqin.az.
• 02 Сәуір, 2015
Ресейліктердің жартысы Сталиннің қуғын-сүргінін ақтап шықты

Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше
8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Кеше
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Кеше
Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Кеше
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Кеше
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Кеше
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Кеше
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Кеше