Enactus Kazakhstan EXPO-2015 жүзеге асырылған бизнес-жобасы ұлттық кубогының жеңімпазы – Қазақ гуманитарлық заң университетінің командасы 14-16 қазан күндері ОАР-дың Йоханнесбург қаласында өтетін беделді халықаралық конкурста әлемнің 36 мемлекетінен келген студенттермен жарысқа түседі және ЭКСПО-2017-інің тұсаукесерін өткізеді.
Әлемнің жетекші компаниялары адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту және прогресс құралы ретінде кәсіпкерлікті қолданатын талантты жастарға қолдау көрсетеді. Enactus (бұрынғы SIFE – Students In Free Enterprise) халықаралық бағдарламасы әлеуметтік жобалар және жастар кәсіпкерлігі саласында тиімді қарым-қатынас жасау үшін жастар көшбасшыларын, жетекші бизнесмендерді және белсенді оқытушыларды біріктіреді. Тәжірибе жүзінде ЖОО-да алған теориялық білімдерін пайдалана отырып, студенттер кәсіпкерлік шеберлігін игереді, көшбасшылық қабілеттерін дамытады, бизнес этикасының негіздерін игеріп, қоғамның жауапты азаматтары болуды үйренеді.
Отандық жетекші кәсіпкерлер және шетелдік компаниялар жыл сайын еліміздің 49 университетіндегі Enactus белсенділері мен студенттері жұмыстарының жобаларымен танысып бағалайды. Бұл жоба Мемлекет басшысының қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және олардың отандық бизнесті дамытуға қатысуын кеңейту жөніндегі міндетін іс жүзіне асыруға бағытталған.
Enactus Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы, Paimbek компаниясының басшысы Райымбек Батталов: «Enactus шеңберінде жұмыс істейтін тәрбиешілік институты іс басындағы бизнес жетекшілерінің бай тәжірибесін жастарға беруге мүмкіндік туғызады. Әлемнің 60 мыңнан астам студенттері тиімді бизнес үлгілерді және кәсіпкерлік қадамдарды қолдана отырып, Enactus жобасын іс жүзіне асыруда», деп атап көрсетеді.
Әлеуметтік экономикалық және экологиялық факторларды ескере отырып, жастар әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген тұрғындарды біліммен және іскерлікпен қаруландыру арқылы олардың тұрмыс дәрежесін көтеруге күш салуда. Жоба қызметінің шеңберінде студенттер өз кәсіпорындарын құрады және кәсіпкерлік негіздеріне үйрете отырып басқаларына көмек көрсетеді. «Әлемдік статистикаға сәйкес Enactus жобасының түлектері халықаралық бизнес саласында кәсіпкерлікте және менеджментте жоғары жетістіктерге қол жеткізеді: олардың 80 пайызы ірі компанияларға қызметке орналасады, 20 пайызы өз бизнесін ашады», дейді Enactus Kazakhstan президенті Альбина Ержанова.
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».

Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32