Баяғыда ауылға барсаң, үй сайын алдыңнан алтын алқа таққан аналар шығатын. Бір үйдің төрінде 7-8 бала қатар асыр салып, үлкеніне сыймай қалған кәстөмді ортаншысы киіп, кең шалбардың балағын қайырып алған кенжесі аяғына іліп ептесіп-септесіп өсуші еді. Көпбалалы отбасы шетінен еңбекқор, пысық, қанағатшыл, намысшыл боп келеді. Қайта бір-екі баламен шектелген жұбайларға ел ол кезде осқырына қарайтын. «Құдай бермей жатқан шығар, әйтпесе жас қой, тәйірі...» деп сыртынан мүсіркеп жататын.
Біз әңгіме еткелі отырған Райкүл апаға Алла тағалам құрсағына берекесін ерекше дарытып тұрған сол бір жылдары бес мәрте құрсақ көтеріпті. Бес баланы ол жылдары кім таппады дейтін шығарсыздар. Бірақ, Райкүл апаның жөні бөлек. Бесеудің үшеуінде егіз балаларды дүниеге әкеліпті. Тұла бойы тұңғышы Гүлжанын босанғаннан кейін араға екі жыл салып, Нұрланы іңгәлады. Сосын араларына екі-үш жыл салып, үш егіз бірінен кейін бірі жарық дүние есігін ашты. Алдымен Асан мен Үсен, сосын Ержан мен Нұржан, соңынан Эльмира мен Гүлмира... Өкініштісі, Гүлмирасы 6 айлығында шетінеп кетті.
Бүгінде Тұрсынқұл аға мен Райкүл ападан тараған перзенттердің бәрі отбасылы, ұлдары үйленіп, қыздары тұрмыс құрып, бір-бір отбасының иесі болып отыр.
– Ауылда үлкен балам Нұрланның қолында тұрамын, – дейді Райкүл апа ағынан жарылып. – Аллаға мың мәрте шүкіршілік, 26 немерем, 2 шөберем бар. Шалым былтыр қайтыс болды. Өмір бойы кеңшарда шопыр болып жұмыс істеп еді. Сегіз бала тудым екен деп жұмыстан қол үзгенім жоқ. Өзім осы ауылдағы тауық фермасында еңбек еттім. Еңбегімізді елегені болар сол жылдары депутат та болып сайландым. «Еңбек ардагері» медалімен де марапатталдым. Сол жұмысымнан зейнеткерлікке шықтым. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа айтар алғысым зор. Еліміз аман, жұрт тыныш. Осынау бейбіт заманда ұл-қыздарымның бәрі еңбек етіп, несібесін теріп, ынтымағы жарасқан отбасы болды. Елбасының Жарлығы бойынша 2010 жылы «Алтын алқаға» ие болдым. Бала-шаға, немере-шөберелер жиі кеп, жағдайымды сұрап тұрады. Үш немерем тұрмыс құрды. Немерелерімнің біразы жоғары оқу орындарында оқып жатыр. Келіндеріме «Мен отыз жасқа дейін бала тудым. Сосын жұмыс істедім. Егер қырық жасқа дейін туғанымда бала-шағаның көптігінен бүгінде миларың ашып кетер еді. Әр баланың өз несібесі бар. Сондықтан бала туу мәселесін шектемеңдер, айналайындар» деп, үнемі ақылымды айтып отырамын. Қазір де ел ішінде «Алтын алқа» таққан аналар аз емес қой. Халық саны жылдан-жылға өсіп келеді. Айтпақшы, егіздердің тұқым қуалайтыны рас екен. Үлкен қызым Гүлжан да бір ұл, бір қызды егіз босанып, есімдерін Аружан, Бауыржан деп қойды. Қазір екеуі есейіп, Алматыда банк саласында қызмет етіп жүр.
Бір қызығы, Райкүл апаның балалары шетінен «солдат». Яғни, Қазақстан Қарулы Күштерінде қызмет етеді. Нұрланы жұбайымен Тараз қаласындағы әскери бөлімшеде жұмыс істейді. Ержаны да әскерде техника жағынан маман. Асан мен Үсеннің де үстерінде әскери киім. Олар да осы саланың қызметкерлері. Нұржаны да күні кешеге дейін әскери бөлімде жұмыс істеп, соңғы кездері ғана басқа салаға ауысыпты. Ал, Эльмира балабақшада тәрбиеші, Гүлжан үй шаруасында.
«Бес баланың анасын «жаным» десең болмай ма, он баланың анасын «ханым» десең болмай ма?» деп ақын жырлағандай, шынында сегіз баланы дүниеге әкеп, жетеуін өсіріп-тәрбиелеп, жеткізген Райкүлдей аналар кез келген құрметке лайық. Президентіміз Н. Назарбаев «Отбасы – өте ұлы құндылық. Мыңжылдықтар мен ғасырлардан бері отбасы әрбір қоғамның ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан моральдық салттардың, ұлттық дәстүрлердің сақтаушысы болып табылады» деп, шағын шаңырақтың да ел бірлігіне қосар үлесі зор екенін, ата-аналардың жүргізіп жатқан отбасылық тәрбие мен тәлімінің рөлі ерекше екенін баса айтты. Расында отбасы – тәрбие мектебі. Ұрпақтың зиялы болып өсуінде ата мен ананың алатын орны ерекше. Аллаға шүкіршілік, Райкүл апа бүгінде бейнетінің зейнетін көріп, балдай тәтті немере-шөберелеріне тәлімді тәрбие беруден жалыққан емес.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы,
Байзақ ауданы,
Көктал ауылы.

Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03