Цирк – сахналық өнердің өте ертеден келе жатқан түрі. Цирк өнері асқан ептілік пен күштілікке негізделген пантомималық ойын-сауықтар мен клоунның күлкілі әзіл-әжуаларынан, ойын-сауығы алуан түрлі трюктер мен эксцентрикаға негізделген нөмірлерден тұрады. Оған соңғы жылдары Астана қаласында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Азия жаңғырығы» атты цирк өнерінің халықаралық фестивалі айғақ.
Биыл да Қала күнін мерекелеу аясында Астаналық цирк елорда әкімдігінің қолдауымен 1-8 шілде аралығында жыл сайынғы «Азия жаңғырығы» атты цирк өнерінің дәстүрлі VIII фестивалін өткізеді. Бір апта бойы жалғасатын бұл мерекелік шара бағдарламасында Қазақстан, Беларусь, Испания, Куба, Латвия, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Украина мен еліміздің ең танымал цирк жұлдыздары өнер көрсетпек. Сондай-ақ, аталмыш бағдарламада цирк өнерінің барлық жанрлары толық қамтылған. Бұл туралы Астана циркінің директоры Ерік Жолжақсынов алыс-жақын шетелдерден келген цирк майталмандарымен болған басқосуда кеңінен тоқталып өтті.
Оның айтуынша, бұл жолы көрермендер цирктің ең үздік көріністерін тамашалайтын болады. Олардың арасында: Африка арыстандары, әуе гимнасттарының бас айналдырар қойылымдары мен клоундардың шоулары бар. Сондай-ақ, фестивальде астаналықтар мен қала қонақтары үшін тек қана жаңа қойылымдар жұртшылық назарына ұсынылмақ.
Ең қызығы әрі мерекелік шараның ең айтулы оқиғасы – «Кавалькада» атты үрмелі оркестрдің сүйемелдеуімен өтетін фестиваль қатысушыларының Астана көшелеріндегі мерекелік шеруі болмақ. Айта кетейік, шеру 3 шілде күні сағат 20:00-де елорда көшелерімен салтанатты сап құрып өтеді.
Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,
журналист.

Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32