Алдыңғы күні Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевты әлемдік экономиканың дамуына, тарихи маңызды бастамалары мен интеграциялық үдерістердің қалыптасуы және оны жетілдіру саласындағы жоғары жетістіктері, Еуразия экономикалық одақтың дамуы, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы экономикалық, ғылыми, мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін экономикалық қоғамдастықтың Үлкен Алтын медалімен марапаттау рәсімі өтті.
Награданы табыс еткен Еркін экономикалық қоғамдастықтың басшысы, атақты экономист, Мәскеудің 1991-1992 жылдардағы әкімі Гавриил Попов өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің ЕЭҚ Үлкен Алтын медалімен марапатталған тұңғыш шетелдік азамат екенін айтты.
– Осы наградамен марапаттау туралы шешімді қабылдағанда, біз, біріншіден Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі заманғы экономикалық үдерістердің дамуына қосқан үлесін есепке алдық. Нұрсұлтан Әбішұлы индустриалды қоғамнан индустриалды дамыған қоғамға көшудің проблемаларына теориялық негіздеме берген бірінші ірі саясаткерлерінің қатарына кіреді. Екіншіден, Қазақстан Президенті дүниежүзілік қоғамдастық бір аймақты емес, керісінше бір бірімен бейбіт әрі тығыз байланыста болған көптеген қоғамдастықтардан қалыптасқаны жөн деген түсініктің пайда болуына маңызды үлес қосты. Қазіргі кезде барлығымыз оның жобасы бойынша құрылған Еуразия экономикалық одағына куә болып отырмыз. Үшінші себеп, ол қазіргі қоғамда болып жатқан ішкі ұйымдастыру үдерістерімен байланыстылықта.
Төртіншіден, Ресей және Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың тұрақты дамуына және нығаюына Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке қосқан елеулі үлесін ерекше атап өткім келеді, – деді Ресей академигі.
Өз кезегінде, медальді қабылдаған Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Марат Тәжин Гавриил Поповқа ел Президентінің экономика ғылымындағы қызметіне жоғары баға бергені үшін алғысын айтты. «Бүгінгі марапат жай құрмет көрсету ғана емес, бұл Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еуразиялық диалогтың нығаюына, Ресеймен тату көршілес қатынастардың дамуына қосқан аса зор ғылыми және тәжірибелік үлесін мойындау белгісі болып есептеледі», – деді елші.
«Егемен-ақпарат».

Цирфлық қызмет: Депутат «тәуелсіз қызметкер» мәртебесін бекітуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 18:02
Мемлекет басшысы Түркияға жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 17:30
Еліміздің энергетикалық нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Энергетика • Бүгін, 17:22
Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады
Қылмыс • Бүгін, 17:07
Жәнібек Әлімханұлы P4P рейтингінде үздік бестікке енді
Бокс • Бүгін, 16:59
Қазақстандағы жүйелі реформалар Вашингтонда таныстырылды
Саясат • Бүгін, 16:46
Теміртаудың бірнеше шағын ауданында көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы апатсыз өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:38
Шымкент базарларында жалған «Coca-Cola» сусындары сатылған: Компания шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 16:28
Германияға мұнай тасымалдау көлемі 730 мың тоннаға жетті
Экспорт • Бүгін, 15:57
Түркістандағы «Келешек» мектебінде оқушылар мұзда сырғанауды үйреніп жүр
Аймақтар • Бүгін, 15:43
Ресей Қазақстаннан келетін тауарларға жаңа талап енгізеді
Оқиға • Бүгін, 15:32
Атырау облысында түйе ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 15:27
15%-дық межеден асқан: Азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерге айыппұл салынды
Кәсіпкер • Бүгін, 15:15