Қайрат БАЛАБИЕВ,
Оңтүстік Қазақстан облыстық базарлар қауымдастығының төрағасы.
Елбасының бизнес өкілдері, ірі экспорттаушы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен өткізген кеңесін тыңдадық.
Орын алған жағдай біздің елде ғана болып жатқан жоқ, әлемді қамтыған дағдарыстан қауіптенбейміз деген мемлекетті және көріп отырған жоқпыз.
Мемлекет Басшысы мұнай мен металл бағасының бес жылға дейін төмендейтіндігі ықтимал екендігін айтты. Барлық мемлекеттердің валюталары құнсызданып жатқанда біздің долларға қатысты бағамды ұстап тұруға тырысуымыз жел диірменді тоқтатуға ұмтылған Дон Кихоттың әрекетіндей болып қалар еді. Бір жылдың өзінде долларды тежеуге ұлттық қордан он миллиардтаған қаржы жоғалттық. Әсіре белсенділердің байбаламына құлақ асып, әрі қарай осы әрекетті жасар болсақ, онда мемлекетіміз қиын жағдайға түседі. Мұны халық болып ұғып, Елбасының жаңа экономикалық саясат жөніндегі тапсырмаларын бір кісідей орындауға тиіспіз.
Мен өзім кентаулықпын. Елбасы кеңесте Қазақстанның мақтанышына айналған Кентау трансформатор зауытының бүгінгі қиын ахуалын мысалға келтірді. Бәсекеге қабілет төмендеген, 50 жұмысшы қысқарған, мемлекетке 30 млн. теңгенің салығы төленбеген. Біз бағаны ырқына жіберу арқылы ғана кәсіпорындарымызды бәсекеге қабілетті ете аламыз. Сондықтан, Елбасының шешімі қазақстандық кәсіпкерлердің пайдасына жұмыс жасайтындығы сөзсіз.
Әрине, доллар бағамының босатылуы халыққа ауыр тиеді. Көрші мемлекеттен азық-түлік тасушылар кіріс-шығыстарын есептеп, тауарларын қайта бағалаудан өткізіп жатыр. Осыған байланысты Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Әбдірахимов шұғыл жиын өткізіп, баға тұрақтылығын қамтамасыз етіп арнайы штаб құрды. Штаб мүшелері күніне екі рет дүкен, базарларға шығып, бағаның шарықтап кетпеуін қадағалайды.
Мен – Қазақстан азаматымын. Бүгінде табысқа шыққан кәсіпкер болсам ол – мемлекетіміздің бизнес өкілдеріне жасаған қамқорлығының арқасы. Ақша бәрімізге керек. Мен де несие алып жұмыс жасап жатқан кәсіпкермін. Осындай сын сағатта үнсіз қалуымыз азаматтығымызға сын. Сондықтан, өзіме қарасты базарлардағы саудагерлерді үш айға дейін төлемнен босатуға шешім қабылдадым. Бұл азық-түлік бағасының, басқа да тауарлардың негізсіз қымбаттауына тоқтам болады. Елдің ертеңін ойлаған Елбасымыздың саясатына осылай қолдау білдіргім келеді. Мүмкіндігіне қарай барша кәсіпкерлерді де осындай игі іске шақырар едім.
ШЫМКЕНТ.
• 22 Тамыз, 2015
Біздің базардағы отандастарымыз үш айға дейін төлемнен босатылады

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25