ОРАЛ. 30 наурыз. Астанада халықаралық «Ақ көгершін» әншілер байқауы мәресіне жетті. Осы мәртебелі өнер сайысында Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауылынан барған «Қыз Жібек» тобы дәстүрлі ән аталымы бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ауыл өнерпаздарының халықаралық байқауда топ жаруына есімі Ақжайық аймағына кеңінен танымал әнші, термеші, сазгер Баян Хабиеваның сіңірген еңбегі мол. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, ол ауылдағы қауырсын қанат әнші балапандардың үлкен сахнаға қанат қағуы үшін өзінің бар қарым-қабілетін жұмсап келеді. Халық өнерінің жанашыры Баян Хабиеваның өнер мектебінен түлеп ұшқан талантты жастар аз емес.
Аталған халықаралық байқауда Баян жетекшілік жасайтын өнер ұжымы «Смуглянка» және «Ах, Самара қаласы» атты әндерді нақышына келтіре орындады. Сондай-ақ, олардың термелер мен халық әндерінен құралған попурриін де көрермендер ризашылықпен қабылдады. Осы топтың мүшесі Венера Асқарова жеке орындауда да бас жүлдені иеленді.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: kaztrk.kz.
• 30 Наурыз, 2015
Батысқазақстандықтар халықаралық ән сайысында бас жүлде алды

Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Кеше