ПЕТРОПАВЛ. 30 наурыз. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының басшысы болып Ғалилитдин Жазетов тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Ғалилитдин Мұхтарұлы 1976 жылы Атбасар қаласында туған. Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін мен Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін бітіріп, инженер-электрик және заңгер мамандықтарын алып шыққан. Еңбек жолын 2001 жылы қаржы полициясы органынан бастаған. Қаржы министрлігінің орталық аппаратында бас маманнан бастап мемлекеттік сатып алу басқармасы методология департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2010-2012 жылдары қаржылық бақылау комитеті мемлекеттік сатып алулар бойынша талдау және мониторинг басқармасының басшысы болған. Осы кезге дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясына жетекшілік еткен. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2015
Солтүстік Қазақстанда инспекция басшысы тағайындалды
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Кеше
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше