АСТАНА. 30 наурыз. Непалда жергілікті қорықтардың бірінен қашып шыққан мүйізтұмсық бір адамды мерт қылып, тағы алтауын жарақаттады. Бұл туралы gazeta.ru хабарлады.
Оқиға Непалдың Макванпур ауданында болған. Жергілікті тәртіп сақшыларының айтуынша, мүйізтұмсық арнайы қоршауы жоқ қорықтан қашып шыққан. Қорықтан қалаға дейін 20 шақырым жол жүрген ол елді мекенге кірген бойда адамдар мен көліктерге қауіп төндірді. Жыртқыштық түйсігі оянған жануар 61 жастағы әйел адамды таптап өлтіріп, тағы алты жанды ауыр жарақаттады. Тек содан кейін сабасына түсіп, көзіне көрінген дүниеге шабуылдауды доғарған. Қазір арнайы мамандар мүйізтұмсықты ұстау үшін барлық қажетті шараларды жасауда. «Мүйізтұмсық өте жыртқыш жануар. Оны тек адам күшімен құрықтау өте қиын. Сондықтан біз арнайы үйретілген пілдердің көмегіне жүгінуге мәжбүрміз», – дейді мамандардың бірі.
Айта кетейік, бүгінде Непалда 500-ден астам мүйізтұмсық мекен етеді. Елдегі ормандардың жаппай оталуына байланысты олар мекен ететін қорық жиі орын ауыстыруға мәжбүр. Сондықтан кейбір жерлер әлі толық қоршалмаған. Егер мүйізтұмсық адамға кезіксе, көбіне бірден шабуылдайтын қызуқанды жануар.
Еламан Қоңыр.
Дерек: gazeta.ru.
Сурет: livejournal.com.
• 30 Наурыз, 2015
Непалда мүйізтұмсық адамдарға шабуылдап, біреуін мерт қылды

UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20