Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – Қазақстан және Орталық Азия тарихындағы таңдаулы жәдігерлердің бірі. Кесене – «ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне» енген Қазақстанның алғашқы мәдени нысаны. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында «Қазақ халқының ұлы перзенттерінің мүрделері осы жерде жатыр. Сондықтан осынау тамаша ескерткішті қалпына келтіріп, бас біріктірер ортақ кіндікке бүкіл ұлттың назарын аударып отырғанымыз дұрыс», деп атап көрсеткен болатын.
Түркі дүниесінің тұмарына, мемлекетіміздің мақтанышына айналған осы ұлы ғимараттың жай-күйі бүгінгі күнде нашарлап, апатты жағдайға жетіп отыр. Үкіметке осы мәселені көтеріп Парламент Мәжілісінің депутаттары тарапынан бұған дейін бірнеше депутаттық сауалдар жолданған болатын. Мемлекет тарапынан да кесенені қалпына келтіру жұмыстарына қажетті қаржы бөлініп келеді. Соңғы бес жылда кесененің жағдайын тексеру мақсатында бес рет ведомстволық комиссия құрылып, тексеру жұмыстары жүргізілген. Бірақ одан тиісті нәтиже жоқ. Себебі, кесенені қалпына келтіру жұмыстары «Қазқайтажаңғырту» РМК-ге тапсырылады. Ал бұл ұйым ғылыми-зерттеу жобасын өздері жасайды әрі оны жүзеге асырады және атқарылған жұмыстарды өздері қабылдап алады. Тәуелсіз ғалымдардың жүргізген сараптамасы бойынша, бұл ұйымның атқарған жұмыстары тиісті талаптарға сай келмейді екен. Кесененің өн бойында ылғалдану, тұздану процесі жүріп жатқандығы қалпына келтіру жұмыстарының ғылыми негізсіз жүргізілгендігінен деп саналады. Бұл жөнінде «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Кесененің күрделі күйі», «Киелі кесене сынақ алаңына айналмауы тиіс» деп аталған мақалаларда баяндалған. Осыған байланысты Ясауи кесенесіне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, сараптама жасау үшін еліміздің білікті сәулетшілері мен құрылысшыларын және Ясауи кесенесі сияқты ғимараттары бар Әзербайжан, Мысыр, Өзбекстан, Түркия, тағы да басқа мемлекеттерден шетелдік сәулетшілерді, ғалымдарды, реставрация мамандарын тарта отырып, тәуелсіз комиссия құру қажет деп санаймын. Сол комиссияның қорытындысы бойынша жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болса, қазіргі апаттық жағдайдан құтылар едік. Розақұл ХАЛМҰРАДОВ, Мәжіліс депутаты.Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше