Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев аймақтарға сапары аясында «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық бөлімшесі жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақ хандығының 550 жылдығы мен қазақтың аса көрнекті жазушысы Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толуына арналған шара барысында тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Амангелді Қашқымбаевтың «Ілияс Есенберлин» атты ғылыми-танымдық кітабының таныстырылымы болды. Көрнекті суреткер туралы еңбекте жазушының көпшілікке беймәлім қырлары зерделеніп, суреттелгенін айтқан сенатор Ж.Ерғалиев: «Есенберлин шығармалары тәуелсіз еліміздің бүгінгі тарихы тамырының тереңде екенін жеткізеді», – деді.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытау төріндегі ой-толғаныстарында ұлттық тарихымызды зерделеудің тарихи маңыздылығын айтқан болатын. Біз өз тарихымызды қайта жазып жатқан елміз. Біздің халқымыз көне тарихтың қай кезеңінде болсын, ел мен елдік, бірлік пен ынтымақ, имандылық пен ізгілікті әрдайым қастер тұтып келгендігі ақиқат. Біз өзіміздің өткенімізге жаңаша көзқараспен қарай отырып, бабаларымыздың және Елбасының ел бірлігін сақтау жолындағы өсиеттерін ешқашан ұмытпауға тиістіміз, – деді сенатор өз сөзінде.
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалы теледидарының «Өзекті мәселе» хабарына қатысқан Ж.Ерғалиевке көреремендер мен бизнес өкілдері және ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен жетекшілері тарапынан көптеген сауалдар қойылды. Ақмолалық кәсіпкерлерді Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болған еліміздегі тауар өндірушілердің мүмкіндіктері шектеліп қалмай ма деген мәселе толғандырып отырғаны айтылды. Сенатор еліміздің алдынан әлемдік рыноктың жаңа мүмкіндіктері ашылғалы тұрғаны жөнінде хабардар етті.
* * *
Парламент Сенатының депутаты Лаззат Тұрлашов Алматы облысының Райымбек, Сарқан және
Ұйғыр аудандарында болды, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
Сапар барысында депутат облыстың экономика, әлеуметтік және мәдени салаларындағы істің жағдайымен танысып, жұртшылықпен, мәслихат депутаттарымен және кәсіпкерлермен кездесті.
Сондай-ақ, ол Райымбек ауданындағы еңбек ұжымдарымен кездесті, Кеген ауылындағы «Балауса» балалар бақшасы мен емханада болды.
Сарқан ауданында сенатор орталық жылыту қазандығының құрылысымен, Н.Островский атындағы гимназияның және «Каменев» шаруа қожалығының жұмыстарымен танысты.
Ал Ұйғыр ауданында болған кезінде депутат «Тельманжан» шаруа қожалығының жүн және тері өңдеу кәсіпорнын аралады.
* * *
Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар ауданының Көктерек, Елтай, Ақжар, Бестерек, Жоғары Егінсу және Жаңатілек ауылдарында сайлаушылармен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, ол Жаңатілек пен Барқытбел ауылдарында салынып жатқан мектептердің құрылысын, Үржар – Таскескен автожолын жөндеу жұмыстарын аралап, жұмысшылармен әңгімелесті.
Кездесулерде Нұртай Сабильянов Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауы мен бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам туралы, Парламенттің заң шығару қызметі мен «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының жұмысы туралы айтып берді.
Аудан тұрғындары жол жөндеу, сыбайлас жемқорлықпен күрес, әлеуметтік көмек, ауыз су, тұрғын үй, жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығын дамыту, қыс айларында көмірмен қамтамасыз ету, бюджет қаржысын тиімді әрі мақсатына сай пайдалану мәселелерін көтерді. Үржар ауданының сайлаушылары Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен «100 нақты қадам» аясында жүзеге асырылатын іс-шаралардың ел экономикасын дамыту мен халықтың әл-ауқатын арттыруға тың серпін беретініне сенім білдіріп, қолдау көрсетуде.
Депутаттың сайлаушылармен кездесулері, сондай-ақ, облыстың Аягөз ауданында да жалғасты.
«Егемен-ақпарат».

Иранда контрабандалық жанармай тасымалдаған бес кеме ұсталды
Әлем • Бүгін, 19:56
Қазақстан мен Тәжікстан одақтастық қатынастарды нығайтуға бағытталған заңды ратификациялады
Президент • Бүгін, 19:10
Болашаққа қадам: №87 мектепте «Profi Day» жәрмеңкесі өтті
Білім • Бүгін, 19:01
Олжас Бектенов: барлық инвестициялық жобалар бірыңғай цифрлық контурда шоғырландырылады
Үкімет • Бүгін, 18:50
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Бүгін, 18:35
Өскемендегі жарылыс: Астанадан дәрігерлер көмекке барады
Оқиға • Бүгін, 18:31
Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 17:12
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:25
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
Ауа райы • Бүгін, 16:16