АСТАНА. 29 наурыз. Футболдан Исландия құрамасының ардагер футболшысы, кешегі ойында Қазақстан қақпасына соғылған алғашқы голдың авторы Эйдур Гудьонсен біздің команданың ойыны туралы пікірін білдірді. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
Қазақстандық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында ол ойыннан алған әсерімен бөлісіп: «Ауа райының салқындығы жеңіске жетуімізге кедергі бола алмады. Ең бастысы, біз алдымызға қойған мақсатты орындадық. Менің ұлттық құрама үшін гол соқпағаныма ұзақ уақыт болыпты. Қазақстанмен ойында сол датаға өзгеріс енгізгенім үшін қуаныштымын», – деді.
«Қазақстан ойыншылары өте өрескел қателіктер жіберді. Тіпті тегіс жерде сүрініп жүр деуге де болады. Бақытымызға орай, сол қателіктерді пайдамызға жарата алдық. Жасыратыны жоқ, ойынның алдында алаң иелері бірінші нөмірмен ойнайды деп ойладық. Бірақ, өз басым соншалықты қысым байқай алмадым», – дейді кезінде «Челси» мен «Барселона» сапында доп тепкен тәжірибелі ойыншы.
Екінші голдың ойын тағдырына айтарлықтай әсер еткенін айтқан Гудьонсен: «Есеп біздің пайдамызға 2:0 болғаннан кейін қарсыластарымызға қайтадан жиналуға еш мүмкіндік берген жоқпыз. Соған қарамастан, бұл ойын оңай болған жоқ. Ал ірі есеппен жеңіске жетуіміз біздің толық мүмкіндігімізді көрсетті дей алмаймын», – деді.
Айта кетейік, кеше «Астана-Арена» стадионында Исландия біздің құраманы 3:0 есебімен жеңді. Ойын футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында өтті.
Еламан Қоңыр.
Дерек: sports.kz.
Сурет: kapital.kz.
• 29 Наурыз, 2015
Гудьонсен: «Қазақстан ойыншылары өрескел қателіктер жіберді»

Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше