АСТАНА. 29 наурыз. Бүгін Канадада тағы бір жолаушылар ұшағы келеңсіздікке тап болды. Air Canada әуе компаниясына тиесілі А320 ұшағы қону кезінде арнайы жолақтың жиегіне шығып кеткен. Соның салдарынан 25 адам түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Апатты жағдай Канаданың Галифакс қаласында тіркелді. Ұшақтың жол жиегіне шығып кетуіне ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Өйткені әуе көлігі қонған кезде толассыз қар жауып тұрған еді. Соған байланысты ұшқыш арнайы жолақтың шамдарын жөнді көрмеген. Тіпті қону кезінде электр желілеріне ақау келтіріп, әуежай бір сағат бойы жарықсыз қалды.
Келеңсіздік кезінде ұшақта 132 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Жарақат алған 25 адам дереу жергілікті ауруханаларға жеткізілді.
Ұшақ Торонто қаласынан ұшып шыққанын айта кетейік.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: РИА «Новости».
• 29 Наурыз, 2015
Канадада тағы бір жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды

Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше