АСТАНА. 28 наурыз. Қытайдың Шанхай қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында отандасымыз Денис Тен қола жүлдемен шектелуге мәжбүр болды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Бүгін өткен еркін бағдарлама сайысында спортшымыз өте жоғары деңгейде өнер көрсетті. Соның нәтижесінде, 181,83 ұпай олжалап, кіші алтын медальді иемденді. Кіші күміс жүлде испан спортшысы Хавьер Эрнандеске бұйырды. Ол бұл сайыста 181,16 ұпай жинады. Ал Жапония сенім артқан Юдзуру Ханю еркін бағдарламада басты екі бәсекелесінен айтарлықтай қалып қойды. Бұл жолы оның өнерін төрешілер 175,88 ұпаймен бағалады.
Қос жарыс күнінің қорытындысы бойынша Хавьер Эрнандес (273,90 ұпай) әлем чемпионы атанса, Юдзуру Ханю (271,08 ұпай) күміс жүлдені қанжығасына байлады. Ал жалпы есепте 267,72 ұпай жиған Денис Тен әлем чемпионатының қола жүлдесін олжалады.
Жасыратыны жоқ, бұл додада Денистен тек алтын медаль күттік. Себебі, ол чемпион атануға әбден лайық еді. Дегенмен, кеше өткен қысқа бағдарлама сайысында ұйымдастырушылар өрескел қателікке бой алдырып, біздің спортшының өнеріне кері әсерін тигізді. Нақты айтар болсақ, Денис айдынға шыққан кезде ұйымдастырушылар оның әуенін дұрыс қоймай, соның салдарынан спортшымыздың жүйкесіне айтарлықтай салмақ түсірді.
Айта кетейік, отандасымыз үшін бұл – әлем чемпионатының екінші медалі. Осыған дейін Теннің 2013 жылы Канадада өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанғаны есімізде. Сондай-ақ, Денистің еншісінде Олимпиаданың (Сочи, 2014 ж.) қола жүлдесі мен қысқы Азия ойындарының (Астана, 2011 ж.) алтын медалі бар. Одан бөлек, осыдан бір жарым ай бұрын Оңтүстік Кореяда өткен төрт құрлық турнирінде чемпион атанған болатын.
Биылғы әлемдік доданың қыздар арасындағы бәсекесінде Ресей спортшысы Елизавета Туктамышеваға тең келер қарсылас табылмады. Жалпы есепте 210,36 ұпай жинаған ол әлем чемпионы атанды. Күміс жүлде Сатоко Мияхараға (Жапония, 193,60 ұпай) бұйырса, қола медаль Туктамышеваның отандасы Елена Радионованың (191,47 ұпай) еншісіне жазылды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: «Қазақстан» ұлттық телеарнасы.

Цирфлық қызмет: Депутат «тәуелсіз қызметкер» мәртебесін бекітуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 18:02
Мемлекет басшысы Түркияға жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 17:30
Еліміздің энергетикалық нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Энергетика • Бүгін, 17:22
Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады
Қылмыс • Бүгін, 17:07
Жәнібек Әлімханұлы P4P рейтингінде үздік бестікке енді
Бокс • Бүгін, 16:59
Қазақстандағы жүйелі реформалар Вашингтонда таныстырылды
Саясат • Бүгін, 16:46
Теміртаудың бірнеше шағын ауданында көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы апатсыз өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:38
Шымкент базарларында жалған «Coca-Cola» сусындары сатылған: Компания шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 16:28
Германияға мұнай тасымалдау көлемі 730 мың тоннаға жетті
Экспорт • Бүгін, 15:57
Түркістандағы «Келешек» мектебінде оқушылар мұзда сырғанауды үйреніп жүр
Аймақтар • Бүгін, 15:43
Ресей Қазақстаннан келетін тауарларға жаңа талап енгізеді
Оқиға • Бүгін, 15:32
Атырау облысында түйе ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 15:27
15%-дық межеден асқан: Азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерге айыппұл салынды
Кәсіпкер • Бүгін, 15:15