Оқу жылы басталар алдында облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов аймақтың жаңа оқу жылына дайындығы мен оқулықпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жиын өткізіп, атқарылған жұмыстарды пысықтады.
Аудан, қала әкімдері қатысқан жиында күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов баяндама жасады.
Балабақша саны облыста 1454-ке жетіп, онда 157780 бала тәрбиеленуде. Басқа өңірдей емес оңтүстікте бала саны көп болғандықтан балабақшалар жетісе бермейді. Сондықтан, мемлекеттік мекемелерден бөлек жекеменшік балабақшаларға қатты көңіл бөлінген. Соның нәтижесінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестікте 647 балабақша іске қосылды. Осындай жақсы жұмыстардың нәтижесінде 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 78,3 пайызға жетті.
Былтырғы оқу жылында 1022 мектепте 562621 оқушы білім алып, ҰБТ-ға мектеп бітірушілердің 69,8 пайызы қатысқан. Облыстың орта баллы өткен жылдан 4,2 баллға көтеріліп, 78,7 баллды құрады. Ал, «Алтын белгіге» 608 түлек ие болып, өткен жылмен салыстырғанда 172 түлекке артқан.
– Бұл республикадағы «Алтын белгі» иегерлерінің 30 пайызын құрайды, – деді Ерлан Айтаханов.
Бұдан кейін білім беру ұйымдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстары баяндалды. Білім мекемелерінің қысқы жылыту маусымына дайындығы жөнінде ақпар берген облыс әкімінің орынбасары 1479 білім беретін мекемелердің жылу жүйелеріне қысымдау-сығымдау жұмыстары 94 пайызға атқарылғандығын, қажетті қатты отынның 72 пайызы, сұйық отынның 80 пайызы тасымалданғандығын, табиғи газбен жылытылатын 355 білім мекемелері газ тасымалдаушы мекемелермен келісімшарттар түзгендігін айтып өтті.
Биыл Оңтүстіктегі 1022 мектепте 562621 оқушы білім алады. Мектеп оқушыларын оқулықпен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып жатыр.Баспалармен келісімшарт түзілген.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.
• 19 Тамыз, 2015
«Мектепке жол» акциясы: Білім ұяларының әзірлігі қандай?

29 000 теңге: Қазақстанда FIFA World Cup 2026 монеталары сатылымға шықты
Футбол • Бүгін, 21:49
Кәмелетке толмағандарға электросамокатпен жүруге тыйым салынады
Заң • Бүгін, 21:40
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі өтеді
Мереке • Бүгін, 21:12
Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді
Аймақтар • Бүгін, 20:45
Қазақстанда депозит мөлшерлемелері 20,5%-ға дейін өсті
Банк • Бүгін, 20:17
Иранда контрабандалық жанармай тасымалдаған бес кеме ұсталды
Әлем • Бүгін, 19:56
Қазақстан мен Тәжікстан одақтастық қатынастарды нығайтуға бағытталған заңды ратификациялады
Президент • Бүгін, 19:10
Болашаққа қадам: №87 мектепте «Profi Day» жәрмеңкесі өтті
Білім • Бүгін, 19:01
Олжас Бектенов: барлық инвестициялық жобалар бірыңғай цифрлық контурда шоғырландырылады
Үкімет • Бүгін, 18:50
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Бүгін, 18:35
Өскемендегі жарылыс: Астанадан дәрігерлер көмекке барады
Оқиға • Бүгін, 18:31
Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23