АЛМАТЫ. 15 мамыр. Қытай елі Бразилияға жаңа инфрақұрылымдық жобаға лайықтап 50 миллиард доллар инвестиция салатын болды. Ол құжатқа Қытай Халық Республикасы мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянның алдағы аптада осы елге сапары кезінде қол қойылады. Бұл туралы BBC News хабарлады.
Жобада қарастырылған қаражаттың негізі бөлігі – Бразилияның Атлант мұхиты жағалауынан Перудің Тынық мұхиты жағалауынан дейінгі дәлізде темір жол желісін салуға жұмсалады. Мұның өзі болашақта қытай экспортының бағасын арзандатары сөзсіз. Инвестициялық қаражаттың қалған бөлігі болат өндіретін біріккен кәсіпорын салуға, автомобиль бөлшектерін шығаруға, энергетикаға жұмсалады.
Осы сапар барысында премьер Кэцян жолай Колумбия мен Перуге, Чилиге соғып аялдайды. Жыл басында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Латын Америкасының бұл өңіріне 10 жылдың ішінде 250 миллиард доллар инвестиция құйылатыны туралы мәлімдеген еді.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: BBC News.
• 15 Мамыр, 2015
Қытай Бразилиядағы инфрақұрылым жобасына 50 миллиард доллар құймақ

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Қазақстан және Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Қазақстан • Кеше
Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды
Қоғам • Кеше