АҚТӨБЕ. 15 мамыр. Ақтөбедегі Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінде 2 күнге созылған «Дискурс теориясының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Бұл туралы облыстық «Ақтөбе» газеті хабарлады.
Аталған тақырыпқа арналған ғылыми басқосу осымен 4-рет ұйымдастырылды. Биылғы конференцияға 9 елден 100-ге жуық ғалым өз мақалаларын, баяндамаларын ұсынды.
Пленарлық мәжілісте Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты лексикология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жамал Манкеева, Михайл Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Алла Назаренко, Қытайдың Іле педагогикалық университетінің филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Әбдіхалық Оспанқарыұлы, Үндістандағы Джамму университетінің профессоры Сингх Манхас Парикшат және тағы басқа ғалымдар тұщымды да тұжырымды баяндамаларын оқыды.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, сурет: «Ақтөбе» газеті.
• 15 Мамыр, 2015
Ақтөбеде 9 елдің ғалымдары қатысқан ғылыми конференция өтті

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Қазақстан және Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Қазақстан • Кеше
Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды
Қоғам • Кеше