Футбол • Бүгін, 14:44

Ибраима Конате «Реал Мадридтің» жаңа ойыншысы атанды

1 мин
оқу үшін

Танымал италяндық спорт журналисі Фабрицио Романоның мәліметінше, Ибраима Конате «Реал Мадридпен» келісімге келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ибраима Конате «Реал Мадридтің» жаңа ойыншысы атанды

Фото: Qazsporttv

Футболшы испаниялық клубқа еркін агент ретінде ауысады. Келісімшарт 2030 жылдың маусым айының 30-ына дейін жасалған. Алайда ресми хабарлама 7 маусымда өтетін президент сайлауынан кейін жарияланады.

Бұған дейін 27 жастағы қорғаушы «Ливерпульде» ойнаған. Өткен маусымда ол 51 матчқа қатысып, 2 гол соққан.

Еске салайық, бұған дейін Давид Алабаның «Реал» клубымен қоштасқанын жазған едік.

Футболдан әлем чемпионаты-2026: Ойындардың толық кестесі мен уақыты белгілі болды

Соңғы жаңалықтар