Оқиға • Кеше

Семейде 21 жастағы студент ақша табамын деп қолынан айырылды

1 мин
оқу үшін

Қайғылы жағдай жеке кәсіпкерге қарасты пеноблок шығаратын өндірістік базада болған. Қосымша жұмыс істеп жүрген 21 жастағы студент Нұрасыл Жаңабаевтың аяғы тайып кетіп, қолы аппараттың ішіне кіріп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде 21 жастағы студент ақша табамын деп қолынан айырылды

Фото: Ашық дереккөз

Ktk.kz мәліметінше, өзге жұмысшылар зардап шеккен жігітке көмек көрсетіп, ол дереу ауруханаға жеткізілген.

Семей қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Дарын Бақтыбаевтың айтуынша, қазір науқас толық көлемде ем қабылдап жатыр, жағдайы орташа ауыр. Енді оған ұзақ уақыт оңалту шаралары мен протез қажет болады.

Павлодар облысында такси жол апатына ұшырап, студент екі аяғынан айырылды

Анықталғандай, студент құрылыс алаңында ресми түрде жұмыс істемеген. Онымен еңбек шарты жасалмаған.

Енді отбасы жұмыс берушінің жауапкершілікті өз мойнына алуын талап етіп, құзырлы органдардан істің мән-жайын жан-жақты тексеруді сұрап отыр.

Кәсіпорын әзірге бұл оқиғаға қатысты ешқандай түсініктеме бермеген.

Оқиғаның мән-жайын еңбек инспекциясы тексеріп жатыр.

«2026 жылғы 3 маусымда осы жазатайым оқиға бойынша тергеу жүргізу туралы бұйрық шығарылды. Тергеу 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Тергеу актісі дайындалғаннан кейін барлық жиналған материалдар құқық қорғау органдарына жолданады», деді Абай облысының мемлекеттік еңбек инспекторы Темірлан Әміртаев.

Бұған дейін, Абай облысында осыған ұқсас оқиға болған. 20 жастағы жігіт құрылыс алаңында қолынан айырылып, жұмыс беруші кінәлі деп танылған.

Соңғы жаңалықтар