Фото: gov.kz
Аймақ басшысының баспасөз хатшысы Лаура Жақыпованың мәліметінше, облыс әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш жазған. Заңда тікелей бағынышты қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмысына сотталған жағдайда басшылар отставкаға өтініш беруі тиіс екендігі көрсетілген.
6 жылға сотталған Жақсылық Омар мерзімінен бұрын босап шыға ала ма? Прокуратура түсініктеме берді
Айта кетейік, бұған дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар сыбайлас жемқорлық бойынша 6 жылға сотталған еді. Тергеу мәліметіне сәйкес, ол «материалдық көмек» ретінде рәсімделген қаржыға құны шамамен 13 млн теңге болатын 2021 жылғы Toyota Camry көлігін алған.