Фото: Ашық дереккөз
Вице-премьердің айтуынша, Орынбор қаласы бойынша жер телімдерін бөлу мәселесі келісілген. Ал Астрахань мен Омбыдағы учаскелерді келісу жұмыстары жалғасып жатыр.
«Орынбор бойынша жер телімдері келісілді. Астрахань мен Омбы бойынша келісу процесі жүріп жатыр. Барлық мәселе толық шешілген соң, құжаттарға бір мезетте қол қоямыз», деді Серік Жұманғарин.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин «Сириус» мектебінің капсуласын салу рәсіміне қатысты.
Оның сөзінше, оқу бағдарламалары мен әдістемелік жүйе де екі тараптың келісімімен бекітіледі. Жобаны жүзеге асыру жұмыстары жуырда басталмақ.
Бұған дейін Қазақстан мен Ресей білім беру саласындағы ынтымақтастық аясында өзара мектеп салу туралы уағдаласқан. Келісімге сәйкес, Ресейдің үш оқу орны Қызылорда, Тараз, Түркістан қалаларында бой көтереді. Ал Қазақстан Ресей аумағында үш мектеп ашады.
Президенттер Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында емен көшетін екті