Фото: Бейнежазбадан
Кадрларда қыздардың бірі екіншісін аяусыз жұдырықпен ұрып, басы мен денесінен тепкені көрінеді. Видеода жәбірленуші еденге құлағаннан кейін де шабуыл тоқтамай, оны шашынан сүйреп жатқан сәттер байқалады.
Видеода бөлмеде болған өзге қыздар оқиғаны тоқтатуға тырыспай, керісінше оны телефонға түсіріп отырғаны байқалады.
Атырауда оқушылар арасында жаппай төбелес болды: Балалар түгел есепке алынды
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға сәуір айында болған.
«Құқық бұзушылыққа жол берген барлық тұлғалар анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі таңда төрт күдікті жауапкершілікке тартылып, профилактикалық есепке қойылды», делінген ресми хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда Д.Қонаев атындағы университеттің жатақханасында қыздардың 17 жастағы студент қызды ұрып-соққан видеосы тараған болатын.