Білім • Бүгін, 11:06

Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болады

1 мин
оқу үшін

Қазақстан мектептерінде жол жүру ережесін (ЖЖЕ) жеке пән ретінде оқытады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болады

Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Министрдің айтуынша, биыл (шамасы 2026-2027 оқу жылында) Қазақстанда «Қазақстан балалары» бағдарламасы аясында «Жеке қауіпсіздік» атты жаңа пән пайда болады.

«Бұл пәннің ішіне жол жүру ережелері, сонымен қатар балалардың қауіпсіздігі мәселелері кіреді. Пәнді сабақ кестесіне енгіземіз. Онда жеке қауіпсіздік және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік тақырыптары да болады. Балаларды дайындау керек болатын барлық өзекті мәселелерді ескердік», деді Жұлдыз Сүлейменова.

Мектеп мұғалімдері енді өз оқушыларына ақылы сабақ өте алмайды

Министрдің сөзінше, бұл бағдарламаны Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен «Өркен» орталығы әзірледі. Жаңа пәннен педагогтер мен психологтар сабақ береді. Оны 5-9-сыныптарға енгізу жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Сириус-Қазақстан» жобасы іске асырылып жатыр. Жоба білім беру сапасын арттырып, оқушылардың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар