Бибісара Асаубаева төртінші турда әлемнің қазіргі чемпионы, қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен кездесті. Негізгі партия тең нәтижемен аяқталғаннан кейін шахматшылар армагеддон форматында бақ сынады.
Қазақстан шахматшысы қосымша партияда ақ тастармен ойнап, 6 минут 23 секунд ішінде жеңіске жетті. Осылайша Бибісара Асаубаева 1,5 ұпай еншілеп, жалпы есептегі ұпай санын 7-ге жеткізді және турнир кестесіндегі бірінші орнын сақтап қалды.
Төрт турдың қорытындысы бойынша Бибісараның ең жақын қарсыласы – үндістандық шахматшы Дивья Дешмух. Оның еншісінде 5,5 ұпай бар. Ал одан кейінгі орындарда украиналық Анна Музычук пен қытайлық Чжу Цзиньэр келе жатыр. Екеуінде де 5 ұпайдан.
Бибісара Асаубаева «Үміткерлер турнирінде» үздік үштікке енді
Айта кетейік, Бибісара Асаубаева алғашқы турда үндістандық гроссмейстер Хампи Конеруді жеңген болатын.