Ғылым • Бүгін, 16:12

Гүлжайна Елеусінова: «Сириус – Қазақстан» жобасы – сапалы білім мен ұлттық құндылық үндестігі

2 мин
оқу үшін

Бүгінде әлемде бәсекеге қабілетті ел болудың басты шарты – сапалы білім мен мықты адами капитал. Осы тұрғыдан алғанда «Сириус – Қазақстан» жобасы – еліміздің білім беру саласындағы маңызды әрі болашағы зор бастамалардың бірі болмақ.

Гүлжайна Елеусінова: «Сириус – Қазақстан» жобасы – сапалы білім мен ұлттық құндылық үндестігі

Жобаның тағы бір ерекшелігі – заманауи білімді ұлттық құндылықтармен ұштастыруында. Оқу бағдарламаларына «Домбыра», «Ұлттық өнер», «Ұлттық спорт» сияқты курстардың енгізілуі жас ұрпақтың тек білімді ғана емес, ұлттық болмысы қалыптасқан азамат болып өсуіне ықпал етеді. Ал ұлттық болмыс пен мәдени құндылықтарды сақтау Қазақстан үшін стратегиялық міндеттердің бірі. Қазіргі жастар жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатыр, сондықтан олардың заманауи әрі ұлттық рухы мықты азамат болып қалыптасуы маңызды.

Алматыда «Сириус» мектебі мен білім беру орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті

Сонымен қатар отандық педагогтердің үлесінің жоғары болуы ұлттық білім беру жүйесіне деген үлкен сенімді көрсетеді. Бұл өз кезегінде еліміздің интеллектуалдық әлеуетін күшейтіп, болашақта ғылым мен технология саласында жаңа буын мамандарын қалыптастыруға негіз болады.

 «Сириус» мектептерінде «Адал Азамат» тәрбие бағдарламасы оқытылады

Ұзақ мерзімді перспективада мұндай жобалар Қазақстанның инновациялық экономикаға көшуіне негіз болады. Қазіргі әлемде мемлекеттердің күші табиғи ресурстармен ғана емес, біліммен, ғылыммен және технологиямен өлшенеді. Осы тұрғыдан алғанда, «Сириус – Қазақстан» жобасы  білім мен ғылымды дамытуға бағытталған маңызды бастама. Ол заманауи технологияларды меңгерген, сыни ойлайтын, зерттеу жүргізе алатын әрі ұлттық құндылықтарды құрметтейтін жаңа буын жастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Гүлжайна ЕЛЕУСІНОВА,

«Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау

орталығының басқарма төрағасы

Соңғы жаңалықтар