Фото: Ашық дереккөз
Жаңа норма бойынша мемлекеттік нөмірлерді мемлекеттік органдарға, дипломатиялық өкілдіктерге, сондай-ақ көлік иесінің жақын туыстары мен мұрагерлеріне рәсімдеуге болады. Жақын туыстар қатарына ата-аналар, балалар, ерлі-зайыптылар, аға-інілер мен әпке-сіңлілер, ата-әжелер және немерелер, сонымен бірге асырап алушылар мен асыранды балалар енгізілген.
Екібастұзда картонға маркермен мемлекеттік нөмір жазып алған жүргізуші ұсталды
Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі сұранысқа ие «әдемі» мемлекеттік нөмірлер тізімін кеңейтпек. Енді 101, 202, 303, 404, 505, 717, 808, 909 секілді қайталанатын және айна тәрізді сандар ресми түрде сатылатын болады.
Мұндай нөмірлерді бірдей әріптермен бірге де тапсырыс беруге мүмкіндік жасалады. Алайда әзірге толықтай айна тәрізді әріптік комбинациялар сатылымға шығарылмайды.
Әдемі нөмірге әуестік: Жүргізушілер бір айда 6 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсады
Жаңа «әдемі» нөмірлер үшін мемлекеттік баж көлемі 15 АЕК болады. Бұл 2026 жылы шамамен 64,9 мың теңгені құрайды. Ал егер нөмір бірдей әріптермен толықтырылса, құны 72 АЕК-ке дейін өсіп, шамамен 311,4 мың теңге болады.
Айта кетейік, бұл тарифтер бұған дейін Салық кодексінде көрсетілгенімен, енді ғана тіркеу ережелеріне ресми түрде енгізіліп отыр.
Бұған дейін елімізде жалған мемлекетттік нөмір пайдалағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін жазған едік.