Әлем • Бүгін, 08:46

Зеленскийдің жұбайына қатысты қылмыстық іс қозғала ма?

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейлік БАҚ-та Елена Зеленскаяға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін деген ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зеленскийдің жұбайына қатысты қылмыстық іс қозғала ма?

Мәліметтерге сәйкес, Украинадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар – Украинаның Ұлттық антикоррупциялық бюросы және Мамандандырылған антикоррупциялық прокуратура оның ісін тексеріп жатыр деген болжам бар. Сондай-ақ дереккөздер бұл жағдай Владимир Зеленскийге белгілі болуы мүмкін екенін және қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін алға тартады. 

Зеленский: Ресей шабуыл операцияларын жоспарлап, мобилизацияны кеңейтуді көздеп отыр

Алайда Украинаның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы мен Мамандандырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы прокуратурасы президент жұбайына қатысты ешқандай тергеу әрекеттері жүргізілмейтінін мәлімдеді. 

Олардың мәліметінше, Зеленскаяға қатысты «тергеу жүріп жатыр» деген ақпараттар ресейлік және ресейшіл БАҚ-та әдейі таратылып жатқан жалған ақпараттың бір бөлігі болып саналады.

Украина антикоррупциялық органдары мұндай ақпараттық шабуылдардың мақсаты – елдегі мемлекеттік институттардың беделіне нұқсан келтіру, қоғамдағы тұрақтылықты әлсірету және соғыс жағдайындағы ел бірлігіне сызат түсіру екенін атап өтті. Ведомстволар азаматтарды фейк ақпарат пен манипуляцияларды таратпауға шақырды.

Зеленский Путинмен келіссөз өткізудің басты шартын атады

Мамандандырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы прокуратура өкілдері де Ресей пропагандасы бұған дейін бірнеше рет антикоррупциялық тергеулерді Украинадағы ішкі жағдайды тұрақсыздандыру құралы ретінде пайдалануға тырысқанын мәлімдеді.

 

Соңғы жаңалықтар