Үкімет басшысының айтуынша, шешім 14 мамырдан бастап күшіне енеді.
Ол бұл бастама Жапония тәжірибесіне негізделгенін атап өтті. Онда мемлекеттік мекемелерде энергия үнемдеу мақсатында галстуксыз және жеңіл киім форматы енгізілген.
Қамшыбек Ташиевке Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деген айып тағылды
Үкімет басшысы костюмнен бас тарту кондиционерді аз қолдануға мүмкіндік беріп, электр энергиясын үнемдеуге ықпал ететінін айтты.
«Қазір біз костюммен жұмыс істеп, кондиционер қосамыз. Егер тек жейде кисек, кондиционерді қосудың да қажеті болмайды. Электр энергиясын үнемдеуіміз керек», деді Әділбек Қасымалиев.
Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанда атом электр станциясын салу мәселесін референдумға шығару мүмкіндігін қарастырып жатқандығын жазған болатынбыз.