АҚТӨБЕ. 27 ақпан. Тоғызқұмалақтан Алматыда өткен ел кубогы үшін жарыста ақтөбеліктер топ жарды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жарысқа еліміздің он облысымен қатар Астана және Алматы қалаларының командалары қатысты. Ақтөбе облысы алғашқы турдан-ақ көш бастады. 6-7 турдан кейін құрамында тәжірибелі ойыншылары бар Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстары командалық есептегі ұпайды теңестіруге тырысты. «Негізі жарыс соңында қызылордалықтар ұпай саны бойынша біздермен тең нәтиже көрсетті. Бірақ біздің команданың коэффициенті жоғары болып, жеңімпаз атандық», дейді тоғызқұмалақтан облыстық команданың аға жаттықтырушысы Қабидолла Нұршин.
Ақтөбе облысының Қазақстан кубогын жеңіп алуына Нұрбек Қабиев, Медет Хұсайынов, Аманбек Өндірбаев, Диана Кенина, Алмагүл Такишева, Гүлжанат Алдабергенова және ауысымда ойнаған Арсен Есетов пен Мөлдір Сейітқазы зор үлес қосты.
Айта кетер жайт, кейінгі жылдары облыста ұлттық спортымыз қарқынды дамып келеді. Әсіресе, тоғызқұмалаққа қызығушылардың қатары көбеюде. Соның нәтижесінде, облыстық тоғызқұмалақшылар әртүрлі деңгейдегі республикалық және халықаралық жарыстардан олжалы оралып жүр.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: sk-sport.kz.

Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше