ПЕТРОПАВЛ. 27 ақпан. Петропавл қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен және
«Ардис» азаматтық бастамаларды дамыту орталығының, «Қазақстан-2050» қоғамдық қозғалысы аумақтық филиалының қолдауымен «Қазақстанда жасалған» атты акция өтіп, ол 43 ірі кәсіпорынның сүйемелдеуіне ие болды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Бастамашылдар тұрғындар мен сауда орындарында болып, отандық өнімдер мен тауарлар шығаратын жергілікті өндіріс орындары жайлы жан-жақты ақпарат топтастырылған түрлі-түсті буклеттер таратты. Мемлекеттік автоинспекция қызметкерлерімен бірлесіп, рейдтер жүргізу барысында «Жергілікті өнімдерді көптеп сатып алыңыздар!» деп ірі әріптермен айшықты етіп жазылған стикерлер жүргізушілерге үлестірілді. Автотұрақтарда тұрған көліктердің әйнекшелеріне жапсырылды. Әлеуметтік желілер арқылы «Солтүстік Қазақстанда жасалған» конкурсы ұйымдастырылып, түрлі сауалдар қойылды. Оның жеңімпаздары Наурыз мерекесі қарсаңында жарияланады.
«СҚО студенттер альянсы» қозғалысының өкілдері «Мир» көшесінде орналасқан гипермаркетте болып, тұтынушылар арасында жергілікті және шетелдік азық-түлік өнімдері мен тауарлардың сапасына қатысты сауалдама жүргізді. Оның қорытындысы бойынша отандық өнімдерге деген сұраныстың көбейіп келе жатқаны байқалды. Басқа да сауда орындарын аралап, «Фрегат», «СБИ-Агро», «Леонтьев», «Казмясопродукт» секілді жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін алушылар қарасы мол екенін көз жеткізді. Өйткені, біріншіден, қоспасы жоқ, таза, екіншіден, баға қолжетімді.
Өмір Есқали.
Дерек: Петропавл қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сурет: bag.kz.
• 27 Ақпан, 2015
Петропавлда «Қазақстанда жасалған» атты акция өтті

UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20