Әлем • Бүгін, 09:59

Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті: Ресей уақытша бітім жариялауға дайын

90 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

АҚШ пен Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путин шамамен бір жарым сағат телефон арқылы сөйлесіп, келіссөз жүргізді. Ресей тарапы 9 мамыр – Жеңіс күніне орай уақытша бітім жариялауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті: Ресей уақытша бітім жариялауға дайын

Фото: m.zerkalo.az

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, Дональд Трамп Владимир Путинге Украинадағы қақтығысты реттеу жөнінде келісімге қол жеткізуге жақын қалғанын жеткізген. Ушаков Путиннің Жеңіс күніне орай бітім жариялауға әзір екенін растады. Трамп бұл бастаманы қолдап, аталған мерекенің Екінші дүниежүзілік соғыста нацизмге қарсы ортақ жеңісті білдіретінін атап өткен.

Сонымен қатар екі ел басшысы Владимир Зеленский Еуропа елдерінің ықпалымен қақтығысты созуға тырысып отыр деген пікірге келген. Ушаковтың сөзінше, Путин Киев билігін Ресей аумағындағы азаматтық нысандарға соққы беру арқылы «террористік әдістерге» жүгінуде деп айыптаған.

Келіссөз барысында Путин Ресей әскері майданда бастаманы өз қолында ұстап отырғанын және Украина Қарулы күштерінің позицияларын ығыстырып жатқанын мәлімдеген.

Зеленский: Трамп факторы Украинаға толық қауіпсіздік кепілі бола алмайды

Бұдан бөлек, Путин Трампқа өзіне жасалған қастандық әрекетіне байланысты қолдау білдіріп, бұл қылмысты қатаң айыптаған.

Ақ үйде журналистер алдында сөйлеген Дональд Трамп Владимир Путинмен әңгімесін «өте жақсы деңгейде» өтті деп бағалап, Украинадағы қақтығыс жақын уақытта реттелуі мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, Путин белгілі бір мәселелер бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін білдірген, алайда Трамп басты басымдық Украинадағы соғысты тоқтату екенін атап өтті.

Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады

Айта кетейік, бұған дейін Владимир Путин 2026 жылғы 11 сәуірден бастап бір жарым тәулікке созылған пасхалық бітім жариялаған еді. Алайда кейін тараптар оның бірнеше рет бұзылғанын мәлімдеген.

Десе де, күні кеше Владимир Зеленский Украинаның Бас барлау басқармасының басшысы Олег Иващенкомен өткізген кеңестен кейін Ресей тарапы жаңа шабуыл операцияларын жоспарлап, қосымша адам күшін тартуға дайындалып жатқанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар