АСТАНА. 17 тамыз. «Центр Кредит банкі» АҚ Астана қалалық филиалының ғимаратында тонау әрекеті тіркелді. Алдын ала белгілі болған деректерге сүйенсек, ұрланған ақшаның сомасы 30 мың АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ұрлық жайында ақпарат жедел басқару орталығының пультіне бүгін сағат 08:47-де келіп түскен. Онда белгісіз біреулердің ғимараттың жертөле қабатына вентиляция шахтасы арқылы кіргені туралы айтылған. Ол жерде бойлер орналасқан техникалық бөлме болатын. Сол бөлмедегі сейфте техникалық қызметкерлердің бірі жеке қаражатын жинаған екен. Тонаушылар дәл сол қаржыны қолды еткен.
Осы іске қатысты «тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
«Банктің мүліктері мен қоймасына ешқандай зақым келген жоқ. Сондай-ақ, оларға ешқандай қауіп те төніп тұрған жоқ», – дейді «Центр Кредит банкі» құқықтық қамтамасыз ету қызметі бөлімінің бастығы Бақытжан Мұхамеджанов.
Қазіргі кезде банк қалыпты режімде жұмыс істеуде.
Еламан Қоңыр.
Дерек: Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі
Сурет: mail.ru.

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Қазақстан және Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Қазақстан • Кеше
Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды
Қоғам • Кеше