АСТАНА. 27 наурыз. Мемлекет басшысы Жамбыл облысына сапары барысында кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында болды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Елбасы мекеменің жұмысымен танысып, қызметкерлерімен әңгімелесті. Орталықтың жаңа ғимараты осы мекеменің өз қаражатына бес жыл ішінде тұрғызылды. Ғылыми-клиникалық орталықтың 7 бөлімшесі, ота жасайтын бөлмелері, заманауи құрылғылармен жабдықталған жан сақтау бөлімі және жайлы палаталары бар. Мұнда жүрекке жасалатын отаның барлық түрін қамтитын кең ауқымды қызмет көрсетіледі. Бұл мекеме сондай-ақ, елдегі көптеген медициналық оқу орындары үшін кардиохирургия, кардиоанестезиология және жан сақтау салалары бойынша мамандар даярлауға арналған клиникалық база қызметін атқарады.
Жамбыл облысының тұрғындары үшін 2013 жылдан бері тегін медициналық көмек көрсетіледі. Өзге өңірлердің тұрғындары тегін көмекті госпиталдау бюросының порталы арқылы алуына болады. Бүгінде консультативтік-емдік көмек алу үшін азаматтар елдің басқа өңірлерінен, сондай-ақ, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келіп, осы орталық қызметіне жүгінуде.
Еламан Қоңыр.
Дерек: akorda.kz.
Сурет: ztgzt.kz.

Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32