Ұзынағаштағы тұқымдық байқауға 53 қазақы тазы тіркелді. Сараптама қорытындысы бойынша 9 ит «өте жақсы», 1 ит «жақсы» деген жоғары баға алды. Жаркентте де тұқымдық байқауға 53 қазақы тазы тіркелді. Бағалау қорытындысы бойынша 14 ит «өте жақсы», 6 ит «жақсы» деген баға алды. Сараптамалық бағалау қорытындысы бойынша жалпы 30 итке тұқымын растайтын тегі туралы куәлік беріледі.
Қазақстанда иесіз жануарларды тегін вакцинациялау тоқтатылады

Тұқымдық байқаулар барысында Қазақстан кинологтар одағының сарапшылары иттердің ресми тұқым стандартына сәйкестігін бағалап, олардың тұқымдылығын растады және есепке қою үшін қажетті құжаттарды рәсімдеді. Қатысушылар белсенді түрде сұрақ қойып, өз иттерінің экстерьер ерекшеліктеріне қызығушылық танытты, олардың қазақы тазы стандартына қаншалықты сәйкес келетінін нақтылады. Сарапшылар стандарт талаптарын ықыласпен түсіндіріп, қажетті мәліметтермен бөлісті. Сондықтан бұл көпшілік үшін жай ғана бағалау емес, пайдалы тәжірибелік кеңес алу мүмкіндігі де болды.

Сондай-ақ қатысушылар бір-бірімен еркін әңгімелесіп, тазыны күтіп-бағу және өсіру тәжірибесімен бөлісті, өз иттерінің мінезі мен жұмыс қасиеттері туралы әңгімеледі. Соның арқасында бұл екі тұқымдық байқау жай ғана зоотехникалық іс-шара емес, ұлттық тұқымға құрметпен қарайтын және оны келер ұрпаққа сақтап қалуды көздейтін адамдардың жанды басқосуына айналды.