Үкімет • Бүгін, 12:38

Олжас Бектенов: Әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесін қалыптастыру қажет

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жаһандық геосаяси ахуал жағдайында ішкі резервтерді барынша іске қосу қажеттігін мәлімдеді. Үкімет басшысының алға қойған басты мақсаты – жыл соңына дейін орнықты экономикалық өсімді 5%-дан жоғары деңгейде сақтау, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олжас Бектенов: Әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесін қалыптастыру қажет

«Қазіргі жаһандық экономикалық және геосаяси ахуал барлық елдерге әсер етіп отыр. Біз жыл соңына дейін 5%-дан жоғары деңгейде орнықты экономикалық өсімге қол жеткізу үшін бар күшімізді жұмылдыруымыз қажет. Шикізаттық емес секторда тұрақты өсім байқалып отыр. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 8,5%-ға өсті», деді Бектенов.

Ел экономикасына 3,5 трлн теңге инвестиция салынды

Үкімет басшысы аталған оң үрдісті жалғастыра отырып, қолдағы барлық резервтерді толық пайдалану керектігін атап өтті.

«Бәсекелестік күннен күнге күшейіп келеді. Бос әңгімені доғаратын уақыт келді. Нақты іспен айналысу керек. Ірі өнеркәсіп және инфрақұрылым жобаларын жүзеге асырып, барлық салаға жасанды интеллектіні енгізу керек. Қаржылық тәртіпті қатаң сақтап, әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесін қалыптастыру қажет. Қазіргідей бәріне бірдей емес, мемлекет шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана қолдау көрсетуге тиіс», деп атап өтті Премьер-министр.

Қазақстан экономикасы 3%-ға өсті

Соңғы жаңалықтар