Ғылым • Кеше

Жүйелі мемлекеттік қолдаудың нақты көрінісі

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кейінгі жылдары Қазақстанда ғылымды қолдау бойынша маңызды қадамдар жасалып келеді. Жас ғалымдарға арналған арнайы гранттық қаржыландыру бағдарламалары, ғылыми инфрақұрылымды жаңарту, халықаралық тағылымдамалар мен ғылыми коллаборацияларға жол ашу – мұның барлығы зерттеушілерге жаңа мүмкіндіктер береді. Әсіресе, қолданбалы зерттеулер мен нақты индустриялық мәселелерді шешуге бағытталған жобаларға басымдық берілуі ғылым нәтижелерінің ел экономикасына тікелей әсер етуіне ықпал етеді.

Жүйелі мемлекеттік қолдаудың нақты көрінісі

Отандық ғылым бүгінде жаңа сапалы кезеңге өтіп жатыр. Жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, жаңа материалдар, энергетика, биомедицина сияқты бағыттарда қазақстандық ғалымдардың әлеуеті жоғары. Ең бастысы бізде терең білімді, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті жас зерттеушілер буыны қалыптасып келеді. Бұл – еліміздің ғылыми болашағына деген үлкен сенім.

Мемлекеттік қолдау ғылымға келген жастардың санын ғана емес, сапасын да арттырады. Ғалым үшін оның еңбегінің бағалануы, идеясының қолдау табуы және қоғамға пайда әкелуі – үлкен мотивация. Сондықтан бүгінгі марапатты мен отандық ғылымға көрсетілген сенімнің белгісі, ал ғылым адамдарына берілген құрметті ел дамуына қосылған үлестің мойындалуы деп қабылдаймын.

Ғылымға салынған инвестиция – болашаққа инвестиция. Сондықтан ғылымды қолдау саясаты жалғасын тауып, зерттеу нәтижелері елдің тұрақты дамуы мен халықаралық беделін арттыруға қызмет ете береді деп сенемін. Ал мен үшін осындай марапат иелерінің арасында болу – үлкен құрмет қана емес, сонымен бірге зор жауапкершілік. Мен оны еліміздің ғылымын дамытуға, жас зерттеушілердің жаңа буынын тәрбиелеуге, қоғам мен экономиканың нақты сұраныстарына жауап беретін ғылыми шешімдер ұсынуға деген сенімнің белгісі ретінде қабылдаймын.

Бүгінгі кәсіби мереке аясында көрсетіліп жатқан құрмет пен марапат – тек жеке жетістікке берілген баға емес, бұл еліміздегі ғылым саласына көрсетіліп отырған жүйелі мемлекеттік қолдаудың нақты көрінісі деп білемін. Ғылымды дамыту – мемлекеттің ұзақмерзімді бәсекеге қабілеттілігін, технологиялық тәуелсіздігін және адам капиталының сапасын айқындайтын маңызды бағыт.

Әсия ЕРМҰХАМБЕТОВА,

Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Жас ғалымдар президиумының мүшесі

Соңғы жаңалықтар