Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры Жексенбек Әділовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы оқу орнын техникалық зерттеу университетіне айналдыруға байланысты маңызды міндет тұрғанына тоқталды.
Қазақстан Президенті елді индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру үдерісінде жоғары білікті инженер мамандарға сұраныс ұлғаятынын атап өтті.
– Индустрияландыру жылдары салынған 700-ден астам нысан, сондай-ақ биыл іске қосу жоспарланған 70 шақты кәсіпорын жақсы дайындалған инженерлерді қажет етеді. Сондықтан соңғы кездері республиканың жоғары оқу орындарын дамыту және трансформациялау мәселесіне айрықша көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, қаржыландыруды ұлғайту, ғылыми-зерттеу институттарын университеттердің қарамағына беру ісі студенттерге оқу барысында ғылыммен айналысуға жағдай жасауға бағытталған. Өкінішке қарай, бүгінде түлектердің көпшілігі, тіпті ғылыми дәреже алғандары да ғылымға талпынбайды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ж.Әділов Алматыда ресурс үнемдеу саласындағы инновациялық кластер құру барысы туралы айтты. Сондай-ақ, техника мен технология, геология және тау-кен металлургия салаларындағы инновациялық жобалар туралы баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы инженерлік білім беруді дамыту саласына қатысты бірқатар міндеттер қойды.

Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше