АТЫРАУ. 26 ақпан. Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов құрылыс саласындағы кемшіліктердің әлі де жойылмай отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы egemen.kz. тілшісі хабарлады.
Әкімнің мәлім етуінше, құрылыс саласындағы кемшіліктер Атырау қаласында да, аудандарда да кездеседі. «Көп үйлер уақытында тапсырылмады. Құрманғазы, Индер, Қызылқоға аудандары екі айда салып тастайтын үш бөлмелі, бір қабатты үйлерді екі жылдан бері әлі тапсырған жоқ. 60 пәтерлі 9 үй де аудандарда былтыр берілуге тиіс еді. Инженерлік-коммуникациялық желі мен үй құрылысы жоспарында сәйкессіздік бар. Бұл жерде кейбір құрылыс компаниялары мен жобалаушылардың да жауапсыздығын ақтап ала алмаймыз», деп Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов жұртшылықпен кездесуде мәселені төтесінен қойды.
Сонымен бірге, Атырау қаласындағы халықаралық әуежай маңынан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге 90 жер телімі берілгеніне де тоқталды. Жер телімі неге ұшақтар ұшып-қонатын аумаққа таяу маңнан берілгені әзірге түсіндірілмей отыр. Бірақ, жер телімін алғандар арасынан 40 адам құрылыс жұмыстарын бастап жіберген. Әкімнің пікірінше, енді бұлардың барлығына қаланың басқа ауданынан жер телімі, ал тұрғын үй құрылысы жұмыстарын жүргізгендерге өтемақы берілуі қажет.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Рахым Қойлыбаев.
• 26 Ақпан, 2015
Атыраудағы құрылыс саласында кемшілік жойылған жоқ

UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20