27 Маусым, 2015

Дымы қалмай жанып кетті

273 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ланцелот өрт«Ланцелот» мейрамханасынан шыққан өрт электр желісінің қысқаша тұйықталуынан  болуы мүмкін. Бұл туралы өрт сөндіру қызметі брифингте хабарлады. Жалпы оның өртеніп жатқаны жайлы хабар  өрт сөндірушілерге 16 сағат 30 минутта түскен. Қызыл жалынды құрықтауға 11 техника мен 30  адам жұмылдырылған. Мамандар алдымен  мейрамхана қызметкерлерін қауіпсіз жерге шығарып, алаулаған жалынның көрші үйлерге жайылып кетпеуіне назар аударған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, өрттің қызуының күштілігі сондай, көрші ғимараттардың сырты балқып кеткен. Өрт кезінде көрші үйдің  терезелері сынып, дуалды бойлай өскен қылқан жапырақты ағаштары жанған. – Өрт кезінде мейрамханадан бір бос, бір толық газ балонын алып шықтық. Мұның өзі мұнда өрт қауіпсіздігі сақталмайтынын көрсетеді. 2012 жылы осы мейрамхананы тексеру барысында өрт қауіпсіздігі сақталмайтыны анықталған болатын. Сол кезде қожайынға айыппұл салынған-ды. Алайда,  ол өткеннің ащы сабақ­тарынан қорытынды шығармаған болып шықты, дейді өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Дархан Халмұратов. Отқа оранған аумақ 700 шаршы метрді құрайды. Қызыл жалынды бұғалықтау1,5 сағатқа созылған. Ал, ма­мандар мейрамхананың өр­те­нуі электр желісінің қысқаша тұй­ық­­­т­а­луы­нан болды деп болжап отыр. «Ланцелот» мейрамханасының қожайыны Овик Арсенян өрт шыққан күні қалада болмаған.  Күлге айналған мейрамханасын көргенде, қызметкерлер мен көршілерінің амандығына мың тәубе дегенін айтады. Бұл биылдыққа тіркелген ең ірі өрт оқиғасы көрінеді. Тап сол күні Ақтөбеде 20 жерде өрт болған. Ауа райының аптап ыстық екенін ескерсек өрт қаупі әлі сейілмейтіні белгілі. Сондықтан өртті болдырмауда аса сақтық керектігі айтпаса да түсінікті. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе қаласы.