АТЫРАУ. 26 ақпан. Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы «Құбаш» шаруа қожалығы күніне 1000 қорап тұшпара шығаруды қолға алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Құбаш» шаруа қожалығында бастапқыда 200 мүйізді ірі қара бағылған екен. Өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасының көмегімен 300 қазақтың ақ бас сиырын сатып алыпты. Бұл қожалық тек мал өсірумен шектелмей, ауыл тұрғындарына ет өнімдерін ұсынуды қолға алды. Мәселен, тұшпара цехының технологы Гүлден Боярованың айтуынша, дәл қазір күніне 30 кило ет өңделіп, бір мың қорап тұшпара шығарылады. Себебі, бұл өнімге тек ауылдастарынан ғана емес, өзге елді мекендерден де сұраныс көп түсетін болыпты. Мүйізді ірі қараның етінен дайындалған қуырдаққа да сұраныс артып келеді. Тұшпара тек сиыр етінен жасалады. Оған тек пияз бен майдан өзге ештеңе қосылмайды екен.
Енді шаруа қожалығының басшылығы тұшпара цехын кеңейтуді көздеп отыр. Өйткені, «Тек тұшпара жасаумен шектелгіміз келмейді. Алдағы уақытта қалбырдағы ет өндірісін дамыта түсуді жоспарлап отырмыз. Бұған мүмкіндік те, шикізат та жетеді. Жылына 20 тонна ет өндіреміз. Цехтың екінші кезеңі іске қосылғанда өнім көлемін 4-5 есеге арттырып, жұмысшылардың санын екі есеге, яғни 70 адамға дейін көбейтуді көздеген жоспарымыз бар», дейді шаруа қожалығының жетекшісі Есболат Құбашев.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет «24kz».

UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20