АСТАНА. 27 наурыз. Кәсіпқой бокстан WBA (Super), WBC (Interim) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин NBC Sports радиосына сұхбат берді. Әңгіме барысында ол Вилли Монромен болатын жекпе-жек туралы және болашақтағы қарсыластары жайында айтты. Бұл туралы боксшының Вконтакте әлеуметтік желісіндегі ресми тобы хабарлады.
«Мен қарсыластарымды әртүрлі әдіс-тәсілмен ұрып құлатқым келеді. 12 раундтық жекпе-жек өткізсем, тіпті қызық болар еді. Монро туралы айтар болсам, ол осыған дейінгі қарсыластарымның ішіндегі тәсілі өзгеше боксшы. Сондықтан 16 мамырда бокссүйер қауым тамаша шоудың куәсі боларына сенімім мол», – деді боксшы.
Сондай-ақ, ол Монродан кейін Мигель Коттомен кездесу үшін әрекет ететінін тілге тиек етті. Сөзінің соңында отандасымыз америкалық Флойд Мейвезермен жұдырықтасқысы келетінін тағы бір айтып өтті. Бұл жөнінде Головкин: «Қазір Флойдқа қарсы шаршы алаңға шығу арман болып тұр. Онымен кездесу үшін жеңіл салмаққа өтуге де дайынмын», – деді.
Айта кетейік, 16 мамырда Геннадий Головкин кезекті рет чемпиондық атағын қорғау үшін Вилли Монромен айқасқа түседі. Бұл жекпе-жекті HBO телеарнасы тікелей эфирде көрсетуді жоспарлауда.
Еламан Қоңыр.
Дерек: Вконтакте.
Сурет: boxingplanet.ru.
• 27 Наурыз, 2015
Головкин: Монродан кейінгі қарсыласым Котто болуы мүмкін

Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48