АТЫРАУ. 26 ақпан. Атырау облысында биылғы екі айда түзеу мекемелерінен 28 сотталушы мерзімінен бұрын босатылып, 53 сотталушыға қатысты жазаның түрлері жеңіл жазаға ауыстырылды. Бұл туралы Атырау облыстық прокуратурасы хабарлады.
Қолданысқа енгізілген Қылмыстық, Қылмыстық-атқару Кодекстерімен жаза өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруды кеңінен қолдану көзделген. Осыған орай ағымдағы жылдың екі айында соттармен түзеу мекемелерінен 28 сотталған адам мерзімінен бұрын босатылды. Ал 53 бас бостандығынан айрылғанға қатысты жазаның түрлері жеңіл жазаға ауыстырылыпты. Мұндай шара бұған дейін де қолданылып келеді. Мәселен, 2014 жылы облыстық соттармен 166 адам мерзімінен бұрын түрмеден басатылды. Бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген 45 сотталғанның жазасы жеңіл түріне ауыстырылды.
«Ізгілендіру аталған институт түрлерін жетілдіргенмен, шартты түрде немесе жазасы жеңіл жазамен ауыстырылып түзеу мекемелерінен босап шыққан тұлғаларды постпенитенциарлық бақылаудың ұйымдастырылу деңгейі әлі күнге дейін төмен. Яғни, көрсетілген тұлғаларға бақылау тек бірқатар міндеттерді жүктеумен шектеліп, қолданыстағы заңнамаларда көзделген өзге де әлеуметтік-құқықтық көмектер тиісті дәрежеде көрсетілмеуде. Аталған санаттағы тұлғаларды қоғамға әрі қарай бейімдеу жұмыстарын жүргізбей, тек тексеру шараларымен шектелу, олардың қоғамда жаңа қылмыс жасап, түзеу мекемесіне қайта оралуына алып келеді», деп есептейді облыстық прокуратура ұжымы.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық прокуратурасы.
Сурет: azattyg.org.

UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20