Еңбек • Бүгін, 08:22

Еңбек даңқы аласармайды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қаршадайынан қара жұмыспен шыңдалған Мырзатай Қойшыбаев еңбек жолын өзіне тән ауыл өмірімен байланыстырды. Ауыл шаруашылығы иниститутын бітірген жоғары білімді маман алғашқы жылдары ауылдық кеңесте қызмет етті. Кейіннен атакәсіпке оралып, заман талабына сай алдымен егін шаруашылығын қолға алды.

Еңбек даңқы аласармайды

1992 жылы «Нақхан» шаруа қожалығын құрды. Адай жыл­қысын өсірумен тыңғылықты айналысып, бие байлап, қымыз дайындап, қымызды құтыға құю цехын ашты. Бүгінде шаруашы­лығындағы жылқы басы 400-ге таяп қалған. Жұмыс барысын­да қаржыға, техника, еңбек күші­не қатысты кездескен қилы қиын­дықты еңсере білген қай­сар азамат перзенттерімен, көмек­шілерімен бірге Сай-Өтес ауылы маңындағы Қаратөрткүл жайлауында кәсібін дөңгелетіп отыр.

«Айта кеткен жөн, адай тұқым­ды жылқы ешқашан қолдан азық­танбайды. Дала төсінде ер­кін жайы­лып өсуі себепті, еті де, сүті де құнарлы. Жылқы сауу, сау­мал, қы­мыз дайындау тәсіл­дері туралы мамандардың еңбек­терін оқып, іздене жүріп, саумал, қымыз да­йындауды қолға алдық. Қымызды бөтелкелерге құйып, арнайы штрих код жапсырып, қала маңындағы бірқатар дүкен­ге өткіземіз. Бұрын 5–6 мың литр­ге дейін өндірсек, қазір қажетті­лікке қарай 2–3 мың литр ғана дайындап отырмыз», дейді М.Қойшыбаев.

Кәсіпкердің көп жылғы ерен еңбегі елеусіз қалған жоқ. 2017 жылы III дәрежелі «Еңбек даң­қы» орденімен, сондай-ақ Мем­­лекет басшысының Алғыс­ха­тымен, Ауыл шаруашы­лы­ғы министрлігінің «Ауыл ша­руа­­шы­лық саласының үздігі» белгі­сімен, Маңғыстау ауданының «Жылдық үздік фер­мері» атағы­мен, бірнеше мереке­лік төсбелгі­лермен, облыс, аудан әкімдерінің алғысхаттарымен марапатталды. Былтыр жылдың аяғында осы марапаттар жүлгесі жалғасын тауып, Астанадан Пре­зидент Қ.Тоқаевтың қолынан II дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін кеудесіне тағып оралды.

Отбасында алты қыз, бір ұл өсіріп, олардан немере, жиен сүйіп отырған ардақты әке, атпал азамат­тың шаруашылығын одан әрі өркендетуден басқа мақсаты жоқ.

«Еңбегімді елеп, әр кез марапаттан тыс қалдырмай, облыстық, республикалық деңгейдегі мем­ле­кеттік, мерекелік түрлі сый-сия­патпен атап өтіп жататын іс басындағы азаматтарға алғы­сым шексіз. Еңбекті, кәсіпті мара­патқа бола жасамайсың, әйтсе де еңбектің еленгені қанаттан­дырады», дейді ол.

 

Маңғыстау облысы 

Соңғы жаңалықтар

«Ғалия» кітапханасының мөрі

Жәдігер • Бүгін, 09:05

Көкше көшетімен көрікті

Талбесік • Бүгін, 08:55

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:52

Әбіштің қолтаңбасы

Мирас • Бүгін, 08:50

Өмірзақтың өнегелі жолы

Руханият • Бүгін, 08:48

Су сүзгілері өндіріледі

Ғылым • Бүгін, 08:45

«Дәридайлап» жыр төккен

Руханият • Бүгін, 08:43

Ән-аманат

Тұлға • Бүгін, 08:40

Жоғалып табылған сурет

Жәдігер • Бүгін, 08:38

Академик, ұстаз тағылымы

Тағзым • Бүгін, 08:35