27 Маусым, 2015

Арпылдаған иттер

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
10 жастағы баланы аяусыз талап өлтірді Қостанай облысы Затобол ауы­­­лында қайғылы жағдай орын алды. 10 жастағы баланы үйінен 100 метр жерде иттер талап өлтірді. Бұл туралы «Костанайские новостиге» сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады. 10 жастағы Сергей Рыдниннің жоғалып кеткені туралы хабар полицейлерге 18 маусымда беріледі. Сергейді бүкіл қала бойынша іздес­тірген. Жеткіншектің жансыз денесі жергілікті тұрғын Олег Тупкалоның иттер асыраған айма­ғында табылған. Тұрғын ол жерді «Азия-век» ЖШС-нен жалға алған. Тупкало иттерді байлауда ұста­мағаны белгілі болды. Иттер мекендейтін аймаққа жеткіншек қалай­ша және не себепті кіріп кет­кені әзірге белгісіз.