Матч Алматыдағы Орталық стадион алаңында өтті. Кездесудің тағдыры іс жүзінде бірінші таймда-ақ шешілді. Алаң иелері ойынның алғашқы минуттарынан бастап жоғары қарқынмен ойнады.
«Қайрат» бапкері Рафаэль Уразбахтин командасының әлсіз тұсын атады
Есеп 10-минутта ашылды, Эдмилсонның қауіпті пасынан кейін Жоржиньо дәл соққымен көзге түсті. 22-минутта Ойви Юккола Дастан Сәтпаевты бос қақпаға шығарып, ол мүмкіндігін мүлт жібермеді.
33-минутта алматылықтар есепті ірі айырмаға жеткізді. Бұл жолы Сәтпаев нәтижелі пас беріп, Жоржиньо дубль авторы атанды. Ал бірінші таймның қосымша уақытында команда капитаны Александр Мартынович есепті 4:0-ге жеткізді.
Футболдан әлем чемпионаты финалының билеттері тағы қымбаттады
Екінші таймда «Қайрат» ойын тізгінін толық бақылауда ұстап, қарсыласқа мүмкіндік берген жоқ. «Астана» қауіпті шабуылдар ұйымдастыра алмай, матч соңына дейін есеп өзгеріссіз қалды.
Осы жеңістен кейін «Қайрат» 10 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Ал «Астана» 7 ұпаймен бесінші сатыға сырғыды.