Оқиға • Бүгін, 09:52

Қарағанды облысында 50 жұмысшы мінген автобус аударылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында вахталық жұмысшыларды тасымалдаған автобус жол апатына ұшырап, аударылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында 50 жұмысшы мінген автобус аударылды

Фото: Ашық дереккөз

Апат Қарқаралы ауданында Бесоба ауылынан шамамен 15 шақырым жерде тіркелді. Автобустың ішінде 50 адам болған.

Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар жетіп, зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Нәтижесінде 33 адам Қарағанды қаласындағы медициналық мекемелерге жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

«Заң алдында бәрі тең»: Ішкі істер министрі Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына қатысты мәлімдеме жасады

Апаттық-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері, Апаттар медицинасы орталығы және жедел жәрдем бригадалары жұмылдырылды. Жұмысшыларды эвакуациялау үшін тікұшақ тартылған.

Соңғы жаңалықтар