Өзбекстан қатарынан екінші жыл әлемдегі ең бақытты 50 елдің қатарына қайта ене алмай отыр. Егер 2023 жылы ел 147 мемлекеттің ішінде 47-орында болса, 2024 және 2025 жылдары 53-орынға тұрақтаған. World Happiness Report 2026 деректеріне сәйкес, соңғы үш жылдағы өмір сапасының орташа бағасы 10 балдық шкала бойынша 6,3 балды құрады. Ал 2024 жылғы есепте бұл көрсеткіш − 6,2 балл болған.
Бұл индекс бірнеше негізгі факторлар негізінде есептеледі. Олардың қатарында әлеуметтік қолдау деңгейі, материалдық жағдай, таңдау еркіндігі, өмір сүру ұзақтығы, қайырымдылық және сыбайлас жемқорлықты қабылдау көрсеткіштері бар. Мәліметтер социологиялық сауалнамалар мен ресми статистика арқылы жиналады. Өзбекстанда халықтың бақыт деңгейіне ең көп әсер ететін көрсеткіштер − әлеуметтік қолдау, әл-ауқат және еркіндік сезімі.
Сонымен қатар, зерттеуде адамдардың эмоциялық күйіне де ерекше назар аударылған. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, өзбекстандықтардың 75,4%-ы өткен күні күліп, жақсы көңіл-күйде болғанын және қызықты істермен айналысқанын айтқан. Жалпы, соңғы он жылда елде оптимистік көзқарастағы адамдар басым. Ал пессимистік көңіл-күйдегі респонденттер үлесі 22,4%-ды ғана құрайды.
Қырғызстан 6 балмен 66-орында, ал Ресей бір жылда 13 орынға төмендеп, 79-орынға түскен (5,8 балл). Рейтингтің ең соңында Ауғанстан орналасқан, оның көрсеткіші небәрі − 1,4 балл.